Қарлығаш құс

Бұл бетте «Қарлығаш құс» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1216
Қарлығашым-ау,
Құстардың iшiндегi
Құйтақандай
Қанатты қарындасым-ау.
Ауада жалт-жұлт етiп,
Мың құбылып ұшып,
Көзге көрiнбейтiн жiптердi
Бiрде байлап,
Бiрде шешiп жүргендейсiң;
Қанатты қайшы құсап
Көзге көрiнбейтiн маталарды
Бiрде пiшiп
Бiрде кесiп жүргендейсiң...
Қанатыңның сусылы
Менiң көңiлiмнiң
Желпiнiп, елiккенiндей...
Ұяңа қаланып жатқан
Саз-балшықтың әр түйiрi
Өлеңнiң әрiптерiндей...
Бiр тынбайтын,
Қарлығашым-ау,
Құстардың iшiндегi,
Құйтақандай
Қанатты қарындасым-ау!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарлығаш құс өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қарлығаш құс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарлығаш құс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарлығаш құс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері