Өмірім менің, көңілім менің

Бұл бетте «Өмірім менің, көңілім менің» атты Кәкімбек Салықов жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Менде ме, менде, досым,
Құрдастар көп,
Ақынжанды, ақ ниет сырластар көп.
Солар күтіп жүргендей сезінемін
Қашан тағы кезекті жыр бастар деп.
Кімім көп бұл өмірде –
Қанаттас достарым көп,
Ұшар сәтін тұратын қоштағым кеп.
Достарым көп,
Қасым аз болғаннан ба,
Есік қақпай кіретін қостарым көп.
Сыйлап жүрер өзімді,
Әрине, інілер көп.
Дәріс сұрап алдыма жүгінер кеп.
Бастан өткен ғадет қой,
Олар­дағы
Бізді сырттан айтады­ау «ірілер» деп.
«Ірілік» жоқ,
Менде әсте кішілік көп,
Қиналма, інім,
Сыр бүкпе қысылып тек.
Біздің үйдің есігі күнде ашық,
Дидарласып көр­дағы, түсініп кет.
Тың өріс,
Ой орманын аралар кеп,
Еркелейтін алдымда ағалар көп.
Ағалар­ай!
Арыстар!
Барың жақсы,
Өмір нарқын сендерсіз шамалар ма ек?
Аға­іні,
Достарды көпсінбеймін,
Тек жақсылық жанымнан
Өрсін деймін.

1966


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірім менің, көңілім менің өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Өмірім менің, көңілім менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірім менің, көңілім менің өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмірім менің, көңілім менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері