Өлең, жыр, ақындар

Сенi көрсем!

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 514
Сенi көрсем! —
Жан жүрегiмнiң шамдары
Тас атып сындырғандай
Өшетiнi несi;
Сенi көрсем! —
Тұла бойымнан тiкiрейiп
Шөңге мен тiкендер өсетiнi несi?!
Сенi көрсем —
Көңiлiмнiң көлiнде
Мұздар қататыны қалай?!
Сенi көрсем! —
Сөзiмде
Ызғар жататыны қалай?!
Сенi көрсем! —
Өзiмдi-өзiм
Бомба қып жарғым келедi;
Сенiң аяғың тиген жердi —
Киiз сияқты жинап ап! —
Қағып-қағып
Қайта салғым келедi...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қорқынышты түс

  • 0
  • 0

Қорқынышты түс көрдiм.
Тiршiлiк
Әлем-жәлем боп,
Терiс қарай

Толық

Мен жамылған бұлт

  • 0
  • 0

Ойлар қуып қаптаған
асу-белге бардым мен, –
көшiп жүрген
қап-қара

Толық

Бас туралы жыр

  • 0
  • 0

Аспан астындағы
Бүкiл мына тiршiлiктiң
Бұл ендi
Барып тұрған соры болды:

Толық