Күшім жетпеді – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Күшім жетпеді» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 553
Аспанға шығып
Бұлттың суын
Iшейiн деп едiм;
Алатаудың
Ақ басын құшақтап
Суретке түсейiн деп едiм.
Күшiм жетпедi,
Құдiретiм жетпедi!
Ормандарды соңыма
Ертiп кетейiн деп едiм;
Сол ормандардың лебiмен
Қуарып жатқан шөлдердi
Желпiп кетейiн деп едiм.
Күшiм жетпедi,
Құдiретiм жетпедi!
Елдiң шерiн өлең қып
Селдетейiн деп едiм;
Толқып, тебiренiп жатқан
Атыраудың үстiне –
Сары уайымнан
сарғайған! –
Сарыарқаны салып ап
Тербетейiн деп едiм.
Күшiм жетпедi,
Құдiретiм жетпедi!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері