Бұлттарға өтініш – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бұлттарға өтініш» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 789
Қара бұлттар,
Найзағайларыңды жақшы, –
Әнебiр жан
Кебiсiн тауып алсын,
Әнебiр мал
Өрiсiн тауып алсын.
Қара бұлттар,
Найзағайларыңды жақшы, –
Әнебiр қыз
Шелегiн тауып алсын,
Әнебiр ақын
Өлеңiн тауып алсын.
Қара бұлттар,
Найзағайларыңды жақшы, –
Сенен бiр шырақ
Жағып алайын, –
Дүниенiң түрi жаман ғой –
Моласыз қалармын! –
Моламды тауып алайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері