Өмір сүріп жатырмыз – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өмір сүріп жатырмыз» атты Темірхан Медетбек жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 602
Өз еркiмiзбен
Кiрер түндердi көбейтiп,
Көрер күндердi азайтып
Өмiр сүрiп жатырмыз.
Бiрiмiздiң етiмiздi
Бiрiмiз жеп отырып
Ар-иман жайлы сөз айтып
Өмiр сүрiп жатырмыз.
Ертеңгi ұрпақтың
Жүрер жолдарын
Апан мен ор қып
Өмiр сүрiп жатырмыз.
Өмiрдi қарғап-сiлеп,
Өлiмнен өлердей қорқып
Өмiр сүрiп жатырмыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері