Махаббат деген көп сезім – Арсланбек Абдраманов

Бұл бетте «Махаббат деген көп сезім» атты Арсланбек Абдраманов жазған махаббат туралы өлең берілген.

Бұл махаббат бір жанға арналмайды,
Бұл махаббат орнына қойған айды,
Сондай күшті шексіз мына сезімде,
Жүректі сан мың рет жаралайды!

Бұл махаббат арналады анаңа,
Анаң үшін ыстық сезім жанама?
Бұл махаббат арналады мүмкін жарыңа,
Сезімді қалай сыйдырам санама?

Дүңк-дүңк етіп соғып тұр мендік жүрек,
Бұл жүрек жақындарға болған тірек,
Бұл жүрексіз ешқандай өмір болмас,
Махаббаттың шыңына шыққан сирек!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар