Өзімді өзім жеп жатырмын – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өзімді өзім жеп жатырмын» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 794
Қазақтардың
Бiрiн бiрi жеп жатқанындай
Мен де өзiмдi өзiм
Жеп жатырмын.
Өзiмдi-өзiм жеп –
Рахаттанып! –
Iсiп жатырмын.
Өз қанымды өзiм
Сораптап
Iшiп жатырмын.
Өзiмдi-өзiм –
Бұралақтап! –
Асап жатырмын.
Пай-пай-пай! –
Өз қаныма өзiм тойып
Жасап жатырмын.
... Осы бiр сәт
Менiң сүйегiмдi үгiтiп,
Қайрат, қуатымды
Уатып тынар...
Ендi менен
Өлең туса –
Үстiнен қан сорғалаған
Өлең туатын шығар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері