Өлең, жыр, ақындар

Көктем желі

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 940
Сақылдаған сары аяз,
Боран мен борасын,
Омбы қар...
Бәрi де, бәрi де кеттi-ау;
Аспанмен
Отар-отар
Табын-табын бұлттарын айдап
Көктемнiң желi де жеттi-ау.
Күйреген қатал қыстың
Қираған дүние-мүлкi құсап
Өзендерде
Сең ағып жатыр.
Алып Қазақстаным
Майданнан шыққан батырдай
Көктемгi желмен
Кеудесiн толтырып
Дем алып жатыр.
Таулардың
Сауыс-сауыс етектерiндегi
Қасат қарлар мен
Көкпеңбек мұздардың
Күтiр-күтiр сөгiлуiн-ай...
Құс бiткеннiң
Көлдер мен тоғайларға
Қанатты телеграммалар құсап
Аспаннан сауылдап
Төгiлуiн-ай!
Пай-пай-пай!
Көтемгi жел әкелген
Осынау
Шабытты шақ қандай:
Бiр әрi, бiр берi бұлғақтаған
Ағаштардың жалаңаш бұтақтары
Ақындардың қолдары секiлдi
Ауаға иректеп
Жыр жазып жатқандай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сауал

  • 0
  • 0

Әлдене айтып,
жеңнен тартып жұлқылап,
жол үстiнде бүлiк салып,
шырқырап,

Толық

Көңiлiне көлеңке мұң түсiрме!

  • 0
  • 0

Көңiлiне көлеңке мұң түсiрме!
Өзiң мұны түсiн мейлi, түсiнбе:
екеумiздiң жүргенiмiз жарасып –
бiздер түгiл –

Толық

Өлім

  • 0
  • 0

Астыңа
Сынған шыны төсеп,
Басыңа
Тас қойса да –Темірхан Медетбек

Толық

Қарап көріңіз