Рақымжан Отарбаев – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Рақымжан Отарбаев» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 702
Рақымжан,
Рельстей жіңішке болсаң да
Шойыннан құйылған
Құрыш інімсің,
Ғұмыры қынға түспестен
Сілтеніп өтетін
Қылыш інімсің.
Кей- кей кезде
Кей кезде
Атыраудың толқынындай
Көтеріліп ісініп
Өсіп бара жатасың,
Дүниені жындай жұлқылап!—
Бірде тарқатып,
Бірде есіп бара жатасың.
Дауылды күнгі құмдай бұрқырап
Алай- дүлей боп
Көшіп бара жатасың.
Сырдың суы сирағыңнан,
Жайықтың суы жұлығыңнан келмей
Кешіп бара жатасың.
Ондай кезіңде,
Рақымжан айналайын,
Сенімен жүру
Кім- кімге де қиын болады.
Айналаң түгел
Үйіріліп, иірілген
Алау- далау
Құйын болады.
Сонан соң
Сабаңа түскен кезіңде
Сызылып тұратының- ай.
Майға піскен нан құсап
Жұп-жұмсақ боп
Үзіліп тұратының- ай.
Рақымжан, қарағым- ай!
Бірде тынығар тынысым,
Бірде асынып алатын
Қару- жарағым-ай!
Рақымжан,
Атырауда тұрып
Алатауға
Ат шалып қарай алатын
Айбатты азаматым,
Еліңнің қандай жүгін де
Көтеріп кетуге
Жарай алатын
Қайратты азаматсың
Бар бол, айналайын,
Нар бол, айналайын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рақымжан Отарбаев өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Рақымжан Отарбаев өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Рақымжан Отарбаев өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рақымжан Отарбаев өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері