Қиын шақ

Бұл бетте «Қиын шақ» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 690
Дүниенi
Түстеп-танып
Ұға алмай жатырмыз
Кеңес Одағының
Ми батпағына
Кеңiрдектен батқан екенбiз –
Ұмтылып
Шыға алмай жатырмыз.
Бiреулер одан сайын
Төбемнен басып,
Иығыма мiнiп тұр.
Үмiтiмдi
Жiптей қырқып,
Тiлегiмдi
Таспадай тiлiп тұр.
Басымды –
Күлi бұрқырап жатқан –
Ошағыма
Қайтадан тыққысы келедi.
Бiреуi шығысқа,
Бiреуi батысқа,
Бiреуi терiскей,
Бiреуi түстiкке
Тартқысы келедi.
Мама бие дей ме екен?!
Бұттарын
Қазақстаныма
Артқысы келедi.
Лағынет атқырлар-ай!
Әбiлет қаққырлар-ай!
Iсiмдi
Тындыра алмай жатырмын.
Тiлiмдi,
Сындыра алмай жатырмын.
Бiрде сөгiлiп,
Бiрде өрiлiп тұрмын.
Осы бiр кезеңнен
Өтiп кетемiн деп
Атымды қамшылап
Тебiнiп тұрмын.
Бiреулер –
Өлексеге тойған иттей
Жүндерi жылтырап –
Семiрiп жатыр.
Бiреулер –
Жоқшылықтан! –
Өз сүйегiн өзi
Кемiрiп жатыр.
Бiрде –
Салмағы жоқ! –
Ұранның iшiнде жүргендеймiн.
Таласып кетпесем игi едi.
Бiрде –
Бағдары жоқ! –
Тұманның iшiнде жүргендеймiн.
Адасып кетпесем игi едi.
Осы бiр кезеңнiң
Көктайғақ белеңi-ай!
Осы бiр кезеңнiң
Ақ түтек әлегi-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиын шақ өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қиын шақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиын шақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиын шақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері