Жыртқыш заман – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жыртқыш заман» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 498
Қайран
Елім мен жерім
Түсіп шықты ғой
Қаншама қанауға,
Қаншама талауға!..
Енді, міне,
Елімді бітірген,
Жерімді бітірген
Ұрылар –
Өзі сияқты! –
Ұрыны тонауда.
Уақыт жоқ қазір
Ұйқы түгілі,
Қалғуға:
Қарақшылар
Қарақшыларды өлтіріп,
Жемқорлар
Жемқорларды аңдуда.
Елді тонап боп
Өзді өзі қырқысқан
Шенеуніктерің
Бір бірінің
Қанын ішердей.
Олардың тартысынан
Банктердің
Темірбетонды
Қалың қабырғалары
Күн жеген шүберектей
Айырылып түсердей...
Соларға қарап
Көзден – сора,
Жаннан сор ақты...
Ең сұмдығы сол! –
Жақында ғана —
Қайыршы
Қайыршыны тонапты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері