Хал – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Хал» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 686
Білмедім:
Кім ұтылып,
Кім ұтуда?
Білгенім:
Мені күндер кеміріп,
Айлар асап,
Жылдар жұтуда .
Мен қазір
Үкісі шығып кеткен
Көнерген көндеймін.
Бұл не пәле, –
Көлде жатсам да
Шөлде жүргендей
Шөлдеймін.
Уақыт
Озып бара жатқандай,
Дүние
Тозып бара жатқандай .
Кейде мен өзімді –
Әруақтай көріп! –
Өзіме-өзім түнеймін.
Кейде мен
Тойдан шықсам да
Жұттан шыққандай жүдеймін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері