Тыныштық туралы ой – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Тыныштық туралы ой» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 769
Неткен тыныштық!
Торғайдың
Дәнді шоқығаны,
Өрмекшілердің
Торларын тоқығаны,
Тіпті ағаш тамырларының
Жердің астында
Топырақтың құнарын
Сорғаны,
Гүл қауыздарының ашылғаны,
Инеліктердің
Шөптердің сабағына
Қонғаны естілетіндей
Тыныштық.
Құлаққа ұрған
Танадай тыныштық!
Тірліктен адыра қап
Ұйықтап қалған
Санадай тыныштық.
Тыныштық!
Көктегі жұлдыз
Үзілген түймедей боп
Тірлігін доғарды.
Сонау көкжиектің
Етегінен көрінген
Реактивті ұшағың
Сабақты инедей боп жоғалды...
Қаққан кірпігіңнің
Дыбысы естілетіндей,
Көбелектің
Тынысы естілетіндей,
Құмырсқаның
Жүрісі естілетіндей
Тыныштық.
Тыныштық!
Осы бір тыныштықтан да
Байыз табар емеспін, –
Көңілім күпті,
Әлденеге алаңмын.
Неге сұрландым,
Неге қабардым?!
Мына тыныштықтан шошынып
Соншалықты торыққаным қалай?!
Мына тыныштықтан секем ап
Соншалықты қорыққаным қалай?!
Айнала тып-тыныш.
Ал бірақ ішімде
Сұп-суық
Жел тұрды өкпекті.
Қорықпай қайтесің?! —
Өйткені мына Тыныштық
Жалмайтынын жалмап ап,
Тістерін құстарға тазалатып
Бір-ақ сәтке дамылдап жатқан
Қорқау, тойымсыз
Қолтырауын сияқты боп кетті.
Ауызым әбден күйген ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыныштық туралы ой өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Тыныштық туралы ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыныштық туралы ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыныштық туралы ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері