Неге екенін білмеймін – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Неге екенін білмеймін» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 809
Жалаңаш қолыммен
Аспанда
Шатырлап жатқан
Найзағайлардың бұтақтарын
Ұстап алғандай
Сілкініп тұрмын.
(Мына өмірдің
Ыбын да,
Қыбын да табам деу
Түлкілік ұғым.)
Мен қазір
Сілкініп тұрмын!
Сонан кейін- ақ
Өзімді өзім
Бұтарлап, бұтарлап
Отқа жақтым:
Пышыр- пышыр етіп
Қып- қызыл
Шоқта жаттым.
Оттан шықтым да
Анамен де шабыстым,
Мынамен де шабыстым.
Оларды қоя сап
Албастымен де алыстым,
Жындармен де алыстым.
Кенеттен
Дүниенің
Алапат күркірінен
Құлақ тұнды.
Ал жаным—
Неге екенін білмеймін—
Жаңбырдай егіліп
Жылап тұрды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері