Жүзшіл біреуге – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жүзшіл біреуге» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 659
Ақылға кір!
Құдай сақтасын» –
Алатау
Алтаймен соқтығысып;
Атырау
Балқашпен қақтығысып;
Қаратау
Көкшетаумен
Лақтырысып;
Ағаштар
Бір- бірімен
Шаш жұлысып
Кетсе қайтесің?!
Кіретін інің қалмайды
Түгің қалмайды!
Ақылға кір!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері