Таудағы түнгі үрей – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Таудағы түнгі үрей» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 730
Тауда адастым.
Ұзамай түн басты.
Түнмен бірге
Үрей де келді:
Қарсы алдым —
Қаптаған ібіліс,
Ту сыртым
Із кескен албасты...
Тікенді бұтақтар
Жезтырнақтардың
Қолы сияқты.
Мен жүрген жол
(Егер жол болса)
Азаптың жолы сияқты.
Бойымды мұздай қып—
Бүйірімнен! –
Жын түртіп тұр...
Төбеме төніп алған
Қап- қара бір бұлт
Жалмауыздың демі сияқты
Сұп- суық
Дым бүркіп тұр.
Ту- у алыстан
Бір құстар
Сұңқылдап хабар салды,
Дегендей “тірісің бе- ей”
Шөптер мен бұталарды
Сыбдырлатқан
Желдің жүрісі
Мыстанның жүрісіндей.
Әлдене құбылып,
Әлдене қағынып тұр...
Алып жартастар
Диюлар мекеніндегі
Алып қақпалар құсап
Сықырлап ашылып,
Сықырлап жабылып тұр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері