Кілең солай ғой!

Бұл бетте «Кілең солай ғой!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 693
Даңғаза аңшы:
Мына қоянды
Атсам;
Атып,
Базарға сатсам;
Ақшасына
Қатын алсам,
Қатыным
Күндей жарқырап,
Гүлдей құлпырса,
Онан соң одан
Балпанақтай ұл туса,
Атын Рахметолла қойсам
Шілдеқанасына
Түйе сойсам деп
Айқай салғанда,
Отырған қоян
Бір-ақ орғып
Қашқан да кеткен;
Құйрығын ғана көрсетіп
Бір белден
Асқан да кеткен...
Кілең солай ғой!
Болмаған іске
Айқайға басып
Әлемді шулатып,
Әлемді шақыратынымыз-ай,
Қапылатынымыз-ай.
Сөздерді көпіртіп
Сапыратынымыз-ай.
Жапырмасақ та
Жапыратынымыз-ай.
Ақырында
Масқара болып
Аһ ұратынымыз-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кілең солай ғой! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Кілең солай ғой! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кілең солай ғой! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кілең солай ғой! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері