Дағдару – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Дағдару» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.06.2022
  • 0
  • 0
  • 779
Асау арманың
Қылша мойнына
Қыл шылбырлы
Тұзақпен
Асау аттай құрықтаулы.
Шығар есігің де,
Кірер тесігің де
Құлыптаулы.
Күн-тұні
Есітіп жатасың —
Құлақты сарсылтқан! —
Толассыз сандырақ бір...
Үстіне албасты
Мініп алғандай
Мына тірліктің
Иіні салбырап тұр.
Алдың да қараңғы,
Артың да қараңғы...
(Таба алмай амалды
Сол бір түнекке
Дүние қамалды.)
Әйтеуір ,
Жан-жаққа,
Қарасаң,
Аңғарып бір:
Жұрт біткен —
Бәрін жоғалтқан! —
Түрмеден шыққан адамдай
Қай жаққа
Жүрерін білмей
Дағдарып тұр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері