Сұрақ белгілерінің көтерілісі

Бұл бетте «Сұрақ белгілерінің көтерілісі» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 996
Сұрақтарына
Жауап ала алмай
Таусылған
Әбден шыдамы —
Күндердің күнінде
Сұрақ белгілер
Көтеріліс шығарды.
Мына дүние
Әп-сәтте
Апалаң-топалаң болды.
Адам айтқысыз
Зобалаң болды.
Сонан кейін-ақ
Салды кеп
Сойқан бір сайранды:
Қайқиған
Сұрақ белгілердің
Біреулері шәңгекке,
Біреулері
Қармаққа айналды.
Осы бір
Сойқанды көрген
Әне бір оңбағанның
Не болғанын білмей
Көздері жүгіріп
Алақтап тұр.
Кейбір сұрақ белгілер
Қайраудан шыққан
Орақ сияқты
Жалақтап тұр...
Не деген майдан,
Не деген жөңкіліс:
Қармақ сұрақтар
Әлдекімдерді —
Жайын деместен
Іліп кетіп барады.
Шәңгек сұрақтар
Әлдекімдерді —
Қауғадай көрмей! —
Жұлып кетіп барады.
Әне бір сұрақтар
Тас пен тасты соққандай
Соғып кетіп барады.
Орақ сұрақтар
Әлдекімдерді
Қоға мен қамыстай
Орып кетіп барады...
Сол бір сәтте
Полицейлердің
Серіппе таяқшаларындай
Леп белгілері
Сұрақ белгілердің басына
Жаңбырдай
Жауып кетті дейсің.
Көз ашып,
Көз жұмғанша
Олардың бәрін
Бұршақ соққан
Егіндей етіп
Жапырып өтті дейсің.
Ауыл мен қалаларда
Тойып-тоғайған
Леп белгілердің
Қанды ізі
Сайрап жатты.
... Әлдекімдерден
Жауап күткен
Сұрақ белгілер
Аштық пен
Суықтан өлгендей
Бүктетіліп-бүктетіліп
Жайрап жатты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ белгілерінің көтерілісі өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сұрақ белгілерінің көтерілісі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұрақ белгілерінің көтерілісі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұрақ белгілерінің көтерілісі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері