Алатау батырға анасының айтқаны – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Алатау батырға анасының айтқаны» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 816
Ей, балам!
Әкең өлгенде
Ішімде қалып ең.
Күйіктен өртеніп,
Күйіктен жанып ем.
...Әркімдер
Көзінің сұғын
Қадай берген соң
Төркініме кеткенмін.
Талай-талай
Табалаудан,
Талай-талай
Қаралаудан өткенмін.
...Мен сені
Әулиенің басында
Қос шеңгелдің қасында
Туып ем.
Кіндігіңді
Тісіммен кесіп,
Арланын аңсаған
Қаншық қасқырдай
Көкке қарап ұлып ем...
Сенің әкең
Бесайдар
Тәуекел ханның
Сардары болатын.
Солға жүрсе
Сол қолы,
Оңға жүрсе
Оң қолы болатын.
Әкең Бесайдар
Өзгелерден ерек,
Дара болған.
...Қанды шайқаста
Омыртқасынан оқ тиіп
Жараланған.
Сол кезде
Жорық туының
Жау қолында
Қалғанын біліп
Қайта шапқан.
Әруағын шақырып,
Ұранын айқайлап
Айта шапқан.
Ортасынан омырылған
Тудың түбін алып,
Көйлегін жыртып
Қанына малып
Сол түпке
Ту етіп байлаған.
Туынан айырылып,
Ұнжырғасы түсіп
Қамыққан елдің –
Қайтадан! –
Намысын жанып,
Жігерін қайраған.
Әкең
Көзінің тірісінде
Ешкімнен қаймықпады.
...Әттең, амал не,
Сол бір дертті
Жарақатынан
Айықпады.
Саған айтарым:
Еліңе қамқор бол,
Жесірді мұңайтып,
Жетімді жылатып алма.
Әкеңнің
Жорық туың
Құлатып алма!
Әумин!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алатау батырға анасының айтқаны өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Алатау батырға анасының айтқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алатау батырға анасының айтқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алатау батырға анасының айтқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері