Қырдағы жолда – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қырдағы жолда» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 686
Үй сыртында бұлқынып
Әне пар ат жегілді,—
Арбаға ақын отырып
Кетті. Алда жол керілді...
Жидебайды бір шолып
Жол тартты ақын Семейге,
Тұрды алдынан жел соғып
Жыр қанатын демеуге!
Жайлауда ылғи тігілген
Киіз үйлер тізбегі
Қалды алыста көрінген,
Шабысын пар ат үзбеді...
Қырда жылқы кісінеп,
Қой-қозылар маңырап,
Жылғаларда кішірек
Жатты бұлақ жамырап...
Қойшылардың қалқиып
Тұр қараша үйлері...
Қабағын ақын сәл түйіп,
Бір өлең бойын биледі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері