Жолдағы ой

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 796
Түйді дағы ойларын: —
«Елсің қазақ көшпелі!»
Деді — «Менің арманым:
Жаңарып ел өскені!
Бұл көшпелі қалыптан
Арылғанын көз көрер,
Туар алда жарық таң —
Ел жаңарып өзгерер?».
Деген оның ойының
Ұшқыны мәңгі сөнер ме?!.
Сөнбейді. Бөгер жолын кім? —
Келіп қалды Семейге.
Ертеңіне мен көрдім
Абайды ойлы пішінде,
Қаласында Семейдің
Кітапхана ішінде.
Көз жүгіртіп тұрды ақын
Кітаптарға толған мың,
Жаны толы жырға тым,—
Ортасында томдардың.
Ойлап тұрсам осыған
Жарты ғасыр өтіпті.
Ел қолы да ұсынған
Бақытына жетіпті!
Бүгін кітапхананы
Көрсең толған талай мың,—
Бірі боп кітап қалаулы —
Томы тұр өшпес Абайдың!

1954


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолдағы ой өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Жолдағы ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жолдағы ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолдағы ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері