Бұл бетте «Кейде көк бұлт ойнақтап» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Суық бір күзгі түнде ұйықтап,
Ояна келсең ертеңмен,
Көрінсе көзге — тұйықтап
Қар жамылған жер түннен —
Ұқсатарсың,— байқаусыз
Қара жерді қар басқан —
Құндыздай қара ақаусыз
Ақ талды шашқа жармасқан...
Арасынан көп шаштың
Ұрлана қарап, сығалай
Қарашы,— қуын ақ шаштың?—
Самайға кірген сұрамай...
Жалт берсе де көктемім,
Жазым жайнар, күз етіп.
Жырымды,— бейне көкте күн —
Жастығым тұрар күзетіп...
1955
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі