Сүт өзені – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Сүт өзені» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 712
Жазғытұры сайлардан
Гүрілдеп өзен аққандай,
Сиырлар тұрған сарайдан
Бір үн шығып жатқандай —
Жалт қарасам бұл үнге:
Әр сиырдың желінін
Тұр машина емуге,—
Сауыншы тосып жебеуін,
Төрт емшегі сиырдың
Төрт баулы оймақ кигендей,
Сүт алудың сырын мың
Сауыншы тұр білгендей.
Сүт өзені сорғалап
Ақ шелекке жатты ағып,
Сауыншылар тұр қарап,
Сүт кеніне мақтанып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері