Қош келдің

Бұл бетте «Қош келдің» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 888
Көктен тосып сүйіне
Жыл алдынан шығып ай,
Жер мұз көйлек киіне,
Жалтырады шыныдай.
Жаңа жылдың тойына
Гүл-гүл жайнап көк арша,
Тағып асыл бойына,
Тұр жасанған қыздарша.
Қаншама жыл, қаншама ай
Өтсе де, өшпей, жасанып
Жырымыз жасыл шыршадай
Тұрса екен тек жасарып!

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қош келдің өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Қош келдің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қош келдің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қош келдің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері