Қош келдің – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қош келдің» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 961
Көктен тосып сүйіне
Жыл алдынан шығып ай,
Жер мұз көйлек киіне,
Жалтырады шыныдай.
Жаңа жылдың тойына
Гүл-гүл жайнап көк арша,
Тағып асыл бойына,
Тұр жасанған қыздарша.
Қаншама жыл, қаншама ай
Өтсе де, өшпей, жасанып
Жырымыз жасыл шыршадай
Тұрса екен тек жасарып!

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері