Жыр сапары
Бұл бетте «Жыр сапары» атты Тайыр Жароков жазған поэзия туралы өлең берілген.
Сұлу күз. Дала көз тартты.
Ақ тұман ұйықтап тұр құзда...
Жырымыз сол сәт жол тартты —
Туысқан ел — Қырғызға.
Жылтыр мұздай жолды айдын
Жүгіре ұтып асыға,—
Жонынан асты Қордайдың
Жыр толы біздің машина.
Зымырай, жүйткіп дөңгелек,
Төсінен талай белеңнің,
Келе жатты дөңгелеп
Ырғағындай өлеңнің...
Фрунзе келдік. Көр енді!—
Бөгет пе досқа тау, қырлар?!—
Қарсы алды бізді — өлеңді,
Өлеңмен күткен бауырлар.
1955
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі