Өлең, жыр, ақындар

Гүлденген Қазақстан

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1227
Берді Кербебаевтан

Бұлт шеккен Алатаудың шыңына,
Шұғыласын күннің көзі төгіпті,
Жасыл құрақ тәжім еткен суына,
Нарттай қызыл алмалары көрікті.
Күміс күмбез Алматының тауы бар,
Тауынан да сұлуырақ қаласы,
Мұхитына жүзген ғылым бағы бар,
Сонша сұлу атқан таңдай аясы!
Академия, Университет, Опера —
Театры көзін жұрттың тартады,
Тұр жүрекке жырдан толқын толтыра
Ақын Абай, бұлбұл Жамбыл ұрпағы!
Қарағанды, құдіретті Балқашы,
Қазақстан ен байлықтың өлкесі,
Аясынан алтын атқан әр тасы
Даласының малға симай тұр төсі.
Алтайменен ұштасып тұр бір жағын,
Қарабұғаз құшақтаған бір жағың,
Қазақ халқы, сізбен менің бір жаным,
Тұлпарларың желге ойнатып тұр жалын!
Домбыраның сызылған сан күйлері,
Қуанышпен алып аспан тұр астын.
Сазы — бейне салған бұлбұл үндері,—
Әні әлемге жеткен әнші Күләштің!
Қазақ халқы қанатын кең қомдаған,—
Құрышты да балқытып тұр қызуың,
Прагада таң қалып жұрт тыңдаған
Әдемі әнін қазақтың жас қызының!
Сіз бен бізде жеңімпаздық бір табыс,
Өмірдегі ортақ бізге жаңалық,
Сізден де алмақ туысқандық қолқабыс
Түркменнің зор каналы жаңа алып.
Құм даланы шомылдырып өзенге,
Аш мақтаға жайқалып тұр даламыз,
Канал біткен ұлы тойда біздің де
Қазақ халқы, гүлге бөл.еп аламыз!
Сізбен бірге шаттанады жанымыз,—
Туысқан ел, құтты болсын мерекең!
Аз сыйлықты көпке балап алыңыз,
Ел достығын әлі талай жыр етем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұйқыдағы тау

  • 0
  • 0

Қартаймас қарап тұрсаң дала мықты-ақ,
Кейде бұлт қабақ түйсе алабұртпақ,
Тұнжырап түн басқанда айналаны,
Көз жұмған көк жиекті тау қиықтап,

Толық

Жұманиязға

  • 0
  • 0

Жұманияз жұғымды,
Мінезі бар сабырлы,
Әрбір сөзі ұғымды
Арнасы кең сарынды,

Толық

Атом заманы

  • 0
  • 0

Қожасындай уақыттың
Бейбіт елім бейнесі,
Мұзын тіліп мұхиттың
Жүзді Ленин кемесі.

Толық

Қарап көріңіз