Есімде Еділдің көк толқындары

Бұл бетте «Есімде Еділдің көк толқындары» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 808
Сонау кез сәуір шыға Сибирьдегі,
Көктемнің самалын ел сіміргені —
Есімде, Еділдің көк толқындары
Жатты ағып бейне өмірден сыр білгелі.
Сол сәтте бір перзентін туды ғасыр
Толғанып толғатқандай күн ілгері.
Деп қойды атын оның Владимир,
Ойлап ел, кім боларын, үлгірмеді...
Алайда, сол сәбидің алдындағы
Атар тақ қоңырауы күмбірледі!..
Сол сәби еді күткен ел арманы,
Сілкініп су толқыны, жер орманы —
Шаттанды, шабыттана шаршы халық
Жүректің табылғандай жоғалғаны.
Үмітін артты соған, өсе келе
Жаһанның жаутаң қағып жанарлары.
Ол дана — туған күндей Ленин еді
Ондай ұл көрмеген жер жаралғалы.
Ақылмен өмір бұлтын қақ айырып,
Тұрды елдің маңдайында жанар бағы.
Кәдімгі болып өсті о да бала,
Зерек жан, бірақ, қарап тұра ала ма?!
Жұлдызы болып жанды ел бағының
Өмірдің сырын терең ұға қала.
Тетігін соны ғасыр қолына ұстап,
Жөнелді жаңа жолға бұрып ала,
Талқан қып кәрі дүние тәжді тағын,
Ту тікті ұшан қиыр қияға да!
Бақыттың таңын Ленин атқызғанда,
Құлпырды қырда қала, ойда дала!

1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есімде Еділдің көк толқындары өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Есімде Еділдің көк толқындары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есімде Еділдің көк толқындары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есімде Еділдің көк толқындары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері