Өлең, жыр, ақындар

Шаттық жылы

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 680
Орнатып ойды, қырды күміс қарға,
Кеудеден кең алдырып тынысты алға,
Жаңа жыл туды қала, даламызға,
Соқтыра заводтарда құрыш балға.
Елдің шат күлкі ұялап миығына,
Беретін бұл жылға әзір сыйлығы да,
Тұр қалғып жазды күткен тоғайлар да,
Жамылып қар күпісін иығына...
Тыңдары Ұзынағаш, Қаскелеңнің,
Ұштаса өлкесіне өскен елдің,—
Қар кетсе-ақ, інжу дәнін шашқалы тұр,
Дәніндей сөзіндегі әр жақсы өлеңнің!
Қаймықпай аяздан да қаңтардағы,
Қыстаған Сарытау құмда отардағы
Түлетіп түліктерін,— жаңа жылды
Қарсы алған бақташы да қатардағы.
Жаңа жыл сәлем беріп бәрімізге,
Сәндете елімізді,
келді бізге!
Басында мерекелі дастарханның
Салалық салтанатты әнімізде!
Жайылып жер жүзіне бір дастархан,
Үстінде жайбарақат нұр дастархан,
Келешек жылдарды әлем бірге көрсін
Делікші: «Күтіп алда тұр дастархан!»
Сүйікті Ұлы Отанды, — елді іргелі
Өрлете түсу үшін өрге ілгері,—
Шалқысын тағы, жаңа жыл жазында —
Тыңда — дән, көлде — толқын мөлдірлері!

1956



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әлжеке

  • 0
  • 0

Әлжеке, жақпарында жүрек таудың,
Сен жастан қолға қайла, күрек те алдың.
Ержете қайла орнына қалам ұстап,
Таңында тас түлектей түлеп те алдың.

Толық

Ленин көктемі

  • 0
  • 0

Көрікті көктемінде апрельдің
Көңілі көтеріле жатыр елдің.
Көк бұлттан құйып өткен ақ жаңбырдың
Албырап тұрды дала тартып лебін!

Толық

Алтын күрек

  • 0
  • 0

Па, шіркін! Биыл алтын дән
Аузын аш деп қамбаның,
Қырманға симай артылған,
Үйілген қызыл тау дайын.

Толық

Қарап көріңіз