Тас талшығы – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Тас талшығы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 986
Әрлеп өнер асқан сайын
Күн сайын мен күшке кірдім,
Үгіп алып тас талшығын,
Жібек тоқып үске кидім.
Түлетіп бір уақыт келді
Торқаға орап алқабымды,
Химия өзі тоқып берді
Менің лавсан қалпағымды.
Қиыршықты еріте білген
Химия орап қырқаны да,
Көк сағызбен көмкерілген
Туфлиім ұлтаны да.
Демен сенен үлесім кем,
Синтетика талшықтары,
Нейлон көйлек түймесімен
Сенен жөнім айшықтары.
Менің сия сауытым да
Асыл тастан жаратылған,
Қалам алсам шабытым да
Бір шаттық жыр ала туған.
Химиядан дала бүгін
Қуат құйды қиясына,
Автоматты қаламымның
Жыр жазатын сиясы да.
Түлетіп бір уақыт келді,
Торқаға орап алқабымды,
Химия өзі тоқып берді
Менің лавсан қалпағымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері