Достық туы

Бұл бетте «Достық туы» атты Тайыр Жароков жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 708
Алыстан Африка, Азиядан
Жанына жарқын елдің жазы ұнаған,
Жол тартып қаламгерлер келді бізге,
Ұнайды жақсы жырдың сазы маған.
Келді олар, Каиыр, Дели, Дамаскіден
Қарлы тау, көк теңізден, алыс қырдан
Меймандар, құстай ұшып қош келіпсіз!
Сіздерді достық туы табыстырған.
Қарсы алса аспан қандай туған айды,
Бір-бірін достар сондай аймалайды;
Сыңғырап Индияның өзендері
Сүйгендей тау патшасы Гималайды!
Тербеткен Евфрат пен Ниль бесігі
Бар мұнда алуан жыршы ұлы есімі;
Әр мейман әрбір тілде сөйлесе де,
Бір ғана достықтың тек лебі есілді.
Тоғысқан толқынындай көк теңіздің,
Түссе осы жанарымыз көпке біздің:
Бірліктің өр тасқынын сезінеміз
Күшінен ұшқын атқан отты көздің!
Бұлар кеп жұмыр жердің жан-жағынан,
Ташкенттің тіл қатқанда кең залынан,
Шарқ ұрып бейбітшілік туы көкке,
Жайқалып тұрды дала гүл жамылған.
Бәрінің қосылып бір дауыстары
Шыққанда, жаңғырғандай тау астары,
Үнін де зеңбіректің тұншықтырып
Өшіре қойғандай тез алыстағы!
Тайваньнан қол тартпаса атомшылар,
Тіл қатпай оған қалай дәтің шыдар?!
Достық күш жер жаңғыртсын, тартсын қолын,
Алжирдің жүрегіне оқ атушылар!
Достарым, әрқайсымыз әр елденбіз,
Алдымен сіз де, біз де қаламгерміз,
Бағы үшін адамзаттың үн қосалық,
Әділдік дәлелденген, дәлелдерміз!
Тұрса егер достық туы желкіл қағып,
Қанатын бейбітшілік еркін жайып,
Жүректес Москвамен жердің шары
Соғыстың сөндіреді өртін қағып!
Азия, Африка қаламгері,
Келіңіз, көркімізді көр елдегі,
Бір кезде біз де құлдық бұғауда едік,
Ел болдық бағы жанған әлемдегі!
Келіңіз, көркімізді көр елдегі,
Гүл шашып қарсы аламыз алда тұра.
Ақ төсін ашып күміс Алатауым,
Бұлбұлын бағым әзір сайратуға!

1958


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достық туы өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Достық туы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достық туы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Достық туы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері