Өлең, жыр, ақындар

Өздеріңнің көздеріңнен

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 562
Баламын әлі ерке мен елімде,
Келді деп кім айтады мені елуге?
Балдырған балалар-ау, ортаңызда
Мен тұрмын өздеріңмен теңелуге!
Қызығам пионерлер ойыныңа,
Құйғандай жастық лебін қойыныма
Құрметтеп, шоқтай жанған, қызыл шаршы
Тақтыңдар галстукты мойыныма.
Біргемін өрендерім, өздеріңмен,
Аулақпын қартаюдан, өзгеруден,
Өзімнің бір кездегі жастығымды
Көремін өздеріңнің көздеріңнен.
Қашанда мен сендерге сүйенермін,
Қартаймас жастық шаққа сүйінермін,
Мені, — әлі «егде тартты» демеңіздер,
Шар тартқан жоқпын өзім пионермін,
Қызығы жастық шақтың таныс тіпті,
Жүректен тартам елге бар ыстықты!
Жыр сайрап ортаңызда жасай берем,
Мойныма тағып қызыл галстукты!

1958



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

1861

  • 0
  • 0

Жыл-жыл сайын күш азайып қарауға,
Ақыл жалқау тартып, қаным салқындап.
Туған елім, барармын мен молаға,
Көрмей туған күніңді еркін жарқылдап.

Толық

Қаһарлы жылдар

  • 0
  • 0

Сұрапыл қырық бірінші
Қар жамылған жер үсті,
Естен сірә шығар ма, —
Сол қан исі жылымшы?..

Толық

Жас ұрпақ

  • 0
  • 0

Бұлақтайын алып мұнай,
Алтын қазып, қашап көмір,
Ұшты құстай көкке самғай,
Елменен шат жасап өмір.

Толық

Қарап көріңіз