Теңіз толқындары – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Теңіз толқындары» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1910
Толқындары теңіздің
Толқыны емес өзеннің,
Кетеді үзіп ол тізгін
Алдында нақ көзіңнің.
Тентек теңіз толқыны
Аспанға атса ақ жалын,
Мың бүктеліп толқыды,
Құшаққа ала жан-жағын!
Атылса ол тауға алыс,
Алатындай апшыңды,
Шегініп кеп, жолбарыс
Секілді үске шапшиды!
Тау толқындар аптығып,
Жарды жебе сауады,
Көбігін аппақ лақтырып,
Төсіңе төге салады.
Атылса үске ұғасың,
Ақ көбік толқын соғылып,
Сонда бір, шіркін, шығасың
Ақ күміске шомылып!..
Толқындар бейне өмірдей
Ағады алға, жоқ тұрыс,
Арман не өмір лебін дей
Өлеңім шашса ақ күміс?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері