Кавказ қақпасы – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Кавказ қақпасы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 794
Бейне аспанда бір сағым
Асқар тауы Абхаздың,
Ашты маған құшағын
Тас қақпасы Кавказдың.
Есігі үңгір тас екен
Бұрылмастай ат басы,
Дейтұғын нақ осы екен
Кәрі Кавказ қақпасы.
Бұл қақпадан өткен-ді
Бұғып талай қос ғашық,
Көрдім тасты өткелді,
Жауға жабық, досқа ашық.
Осы үңгірден басталды.
Кер тағы тас Кавказың,
Жамбастап жар тастарды
Шыңы бұлттан тапты өзін.
Екі жағы тар жолдың
Қаланған шың жар тастан,
Ұшар басы таулардың
Көктен барып айқасқан.
Сүйеді шың басын күн
Төсін ақ бұлт айқалап,
Жүгін талай ғасырдың
Тау тұр бейне арқалап...
Бәлкім, өлең жазған-ды
Жүріп мұнда Лермонтов,
Мені де тау қозғады, –
Жүректен жыр тербелтіп.
Осы шыңда өстің-ау,
Шіркін, сері грузин!
Астың – теңіз, үстің – тау,
Өмірің бір жыр өзен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері