Пейзаж – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Пейзаж» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 674
(Александр Прокофьевтен)

Өзенде кернейдейін гудок ойнап
Көк терек, қызыл шие өскен бойлап,
Талай жыл еткен еңбек экскаватор –
Пейзаждың бір тұлғасы іске татыр.
Асыр сап бала біткен улап-шулап,
Жарысқан өзен бойлай умақ-шумақ.
Бес мың гүл канал төрін жайнай біткен,
Еділді Дон толқыны қуып жеткен.
Жетті ол мәңгі-бақи айрылмасқа,
Аталды Еділ – Дон деп айнымасқа.
Жусанды шөлейт дала кетті гүлдей,
Ғажайып болды бұл жер ертегідей.
Жасаушы құрылысты адамдағы,
Күн нұры молайғанын аңғарды әні.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері