Ленин көктемі
Бұл бетте «Ленин көктемі» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көрікті көктемінде апрельдің
Көңілі көтеріле жатыр елдің.
Көк бұлттан құйып өткен ақ жаңбырдың
Албырап тұрды дала тартып лебін!
Самал жел сылаң қағып сәуірдегі,
Сыланып сұлу қайың сәніндегі,
Гүл жарған ақ теректің қанаттары
Әйнекке қол бұлғайды әр үйдегі.
Аймалап алатаудың әрлі аспанын,
Ақ бет күн аппақ жалын нұр шашқанын
Шолғандай дана Ленин тұлғасы тұр, –
Ақ қызыл ортасында гүл-бақшаның.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі