Бір досыма – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Бір досыма» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 806
(Әзілге әзіл)

Бір досым, маған кейде:
«Шайыр болып,
Майданға барып едің Тайыр болып», –
Дейді де, әзілімен қағытады, –
Қайтпадың тым болмаса «майыр» болып...
Дер едім ондай менің достарыма:
– Замандас, әзілің бе, оспағың ба?
Майор түгіл, генерал болсаң дағы,
Болма деп, қолыңды мен ұстадым ба?
Рас, мен –төбесіне Рейхстаг,
Батыр боп, ту тіккем жоқ тіреу ұстап.
Бірақ, мен майдан көрдім,
үйде қалып
Жерін де кермеген көп Қарақыстақ!..
Сүр шинель кимедім мен шенім үшін,
Кидім оны Отанның сенімі үшін!
Майор түгіл, сержант та бола алмаған,
Қайтерсің,
кей шіркіннің шенегішін?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері