Шаруа күз – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Шаруа күз» атты Тайыр Жароков жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 700
Төбеден күз бұлты төнеді,
Тау басы бұлыңғыр көк тұман...
Таудан мал түсіріп келеді
Өр тұлға жас шопан – от қыран!
Жомарт жаз туғызған жайқалтып:
Жүзімі, шиесі, алмасы
Толқып бір қалаға жол тартып,
Тоты күз той тойлап қалды осы.
Алатау баулыған бау-бақтан
Ал қызыл алмалар домалап,
Ауылдан албырап, тау жақтан
Ауызға түсті бал бола қап...
Қырдың құп қаптап ап егісін,
Құшағын толтыра қамбамыз,
Жаздың мол бал-шырын жемісін
Жинаумен тершіді шаруа күз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері