Сұлу қала – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Сұлу қала» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 826
Құшып бақыт арманмен
Көрсең тұрған қаланы,
Көз тартады Богдан мен
Ақын Тарас алаңы!
Сұлу қала,
сымбатты,
Сұңқар топшы ер қала,
Бойы биік сұңғақты
Каштаны өскен ырғала.
Жеті шоқы басында
Жез иықты Киев тұр,
Көк дауылдай астында
Днепр толқын ұрып тұр.
Сол толқындар Тарастың
Жырын жаттап қағып ап,
Жаңғыртып тұр ай астын, –
Жыр боп ағып жамырап!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері