Крещатик көшесі – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Крещатик көшесі» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 838
Не деген ғажап кеше бұл,
Көрікті қандай Крещатик?!
Үйлердің сұлу нешеуін
Қарайсың тұрып бұрышта тік.
Алады қарсы сізді құп,
Шертіп талай үйлер сыр,
Мұхитта жүзген тізіліп,
Секілді ылғи крейсер.
Ат шаптырым үй жары
Тартқан бір жақтай иіліп,
Ойысып келіп бір жағы
Днепрге тұр үңіліп...
Не деген ғажап көше бұл,
Көрікті қандай Крещатик?!
Үйлердің сұлу нешеуін
Қарайсың тұрып бұрышта тік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері