Алып тұлға – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Алып тұлға» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 938
Ұлы мүсін сан жүректің
Сүйсіндіре қылын шертті.
Қарап тұрған соған жұрттың
Жан сезімін елжіретті...
Маркстың бұл тастан құйған
Тұлғасы алып көкке бойлап,
Сол сұп-сұрғылт мрамордан
Көрдім жанған ақыл лаулап!
Көрмедім құр мраморды,
Көрдім көркем асқақ ақыл,
Бұл тас мүсін ойлы нұрлы
Жер шарына шашқан ақыл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері