Бер музейге ұршығыңды – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Бер музейге ұршығыңды» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 631
Әже, деймін! Жіп иірме,
Бер музейге ұршығыңды,
Кілем тоқып жүрме үйіңде,
Тек шолып жай тұршы өмірді.
Киімді де, кілемді де
Өзі тоқып химия қыз,
Әзі өнерден үйренді де
Бізге нәрін құйды нағыз.
Өмір сізді күтеді өзі,
Түбіт түтіп қиналмаңыз,
Түбітті де түтеді өзі
Нәзік саусақ химия қыз.
Немереңе бесікті де
Істеп беред химия қыз,
Бұл ғажапты есіттін бе,
Мұның өзі қызық аңыз...
Әже, деймін! Жіп иірме,
Бер музейге ұршығыңды!
Кілем тоқып жүрме үйіңде,
Тек, шолып жай тұршы өмірді...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері