Жұманиязға – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Жұманиязға» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 798
Жұманияз жұғымды,
Мінезі бар сабырлы,
Әрбір сөзі ұғымды
Арнасы кең сарынды,
Сөйлемей, я дәм татпай,
Апырай нағып ауырды,
Әлденеге шалынды.
Әлдекімді сағынды
Білуге достар келіп ед
Есендіктен сауықты
Себебін оның өзі айтар,
Жігіт еді шалымды,
Толқыған қызыл киіктей,
Қиялы қуған сағымды,
Тағдырлысын тапсын дейміз де
Арманың мен бағыңды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері