Түрксибтің дабылы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 885
Бұл не керім, құдіретті?
Күші жерді тітіретті.
Күрс-күрс таудың жонын ойды,
Күйретілді, күтір етті.
Күрт-күрт ойған әрде күрек,
Кірш-кірш кесіп жерге кіреді.
Шақ-шұқ сүймен, түйрей тиген,
Тоңды тілген тереңірек!
Орыс, ноғай, өзбек, доңған,
Ұйғырлар да ойдан-қырдан
Қазақтармен қоян-қолтық
Жасыл жонда жолды салған.
Әр ұлттан ұйымдасқан,
Гүрілдеткен, еңбек қосқан,
Еңбектің ер сұңқарлары,
Таңғы ұраның аспанға асқан.
Күл-талқан ғып көк тас шарын,
Күші өршиді уатқан сайым.
Жер бүйірі солқылдайды,
Жұмысшы әрбір соққан сайын.
Соқса ұшырып ұшқым шоғын,
Көсілдірген көкше шойын,
Шпал үстін құшып түсіп,
Көлбеп жатты темір жолың...
Бұл Турксиб темір жолы,
Жаңғырыққан дала жоны.
Тегіс жерден мұны істеген
Жұмысшының құрыш қолы.
Жолға жақын жер жайқалып,
Піскен егін дән найқалып,
Бұйралы алтын толқындамын,
Көз тартады алтынданып...
Жұмыскерлер жолын соғып,
Диқан біткен егін орып;
Саңырау сары дала жонын
Жайнатты көп енбек қонып.
Жұмыскер мен диқан шаруа,
Құшақтасты сұлу таңда.
Айқасты көп кектегі айдай
— Алтын орақ, болат балға.

1929


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түрксибтің дабылы өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Түрксибтің дабылы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Түрксибтің дабылы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түрксибтің дабылы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері