Миллион толқын

Бұл бетте «Миллион толқын» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 980
Мың, мың қолдар, миллион милар,
Милар миллион қимылда...
Миллион толқын
Толқын миллион,
Толқындата Қимылда!
Мың-мың қолдар, миллион милар,
Толқындата қимылдап,
Жаңа өмірді,
Жасап нұрлы,
Өсті мәңгі
Мың-мыңдап!
Мың-мың қолдар, миллион милар,
Бақыт туын қолға алып,
Ұлы еңбекте,
Жер мен көкте,
Ашты әлемге
Жол салып!
Мың-мың қолдар, миллион милар,
Толтырды да олқыны,
Өрлей асты,
Көкке ұласты,
Қызыл тулар Толқыны!
Миллиондардың атып таны,
Шығып күні туғалы.
Жер шарында,
Дер шағында,
Күндей жанып
Тұр бағы!
Таңнан туған миллиондаған
Жандардың мен бірімін.
Қосам жырға
Шыққан шыңға
Миллиондардың
Өмірін.
Көк астында, жер үстінде
Миллион жыры жырлансын.
Менің туған Отанымнан,
Талпынған ел
Үлгі алсын!
Алтын жазда, аққу қаздай
Миллион әнін шырқасын.
Табысымды,
Дауысымды
Тау, тас, Дала
Тыңдасын.
Мың-мың қолдар, миллион милар,
Милар миллион қимылда!
Миллион толқын,
Толқын миллион
Толқындата Қимылда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Миллион толқын өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Миллион толқын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Миллион толқын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Миллион толқын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері