Өлең, жыр, ақындар

Миллион толқын

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 875
Мың, мың қолдар, миллион милар,
Милар миллион қимылда...
Миллион толқын
Толқын миллион,
Толқындата Қимылда!
Мың-мың қолдар, миллион милар,
Толқындата қимылдап,
Жаңа өмірді,
Жасап нұрлы,
Өсті мәңгі
Мың-мыңдап!
Мың-мың қолдар, миллион милар,
Бақыт туын қолға алып,
Ұлы еңбекте,
Жер мен көкте,
Ашты әлемге
Жол салып!
Мың-мың қолдар, миллион милар,
Толтырды да олқыны,
Өрлей асты,
Көкке ұласты,
Қызыл тулар Толқыны!
Миллиондардың атып таны,
Шығып күні туғалы.
Жер шарында,
Дер шағында,
Күндей жанып
Тұр бағы!
Таңнан туған миллиондаған
Жандардың мен бірімін.
Қосам жырға
Шыққан шыңға
Миллиондардың
Өмірін.
Көк астында, жер үстінде
Миллион жыры жырлансын.
Менің туған Отанымнан,
Талпынған ел
Үлгі алсын!
Алтын жазда, аққу қаздай
Миллион әнін шырқасын.
Табысымды,
Дауысымды
Тау, тас, Дала
Тыңдасын.
Мың-мың қолдар, миллион милар,
Милар миллион қимылда!
Миллион толқын,
Толқын миллион
Толқындата Қимылда!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңілім

  • 0
  • 0

Көңілде гүлдерім, –
Өмірде сембейді,
Жалынды тілегім,
Білемін, сөнбейді.

Толық

Бесжылдықтың балғасы

  • 0
  • 0

Солқылдата соғылсын
Бесжылдықтың балғасы!
Арқырасын асаудай
Өндірістің арнасы!

Толық

Аврорадан – космосқа

  • 0
  • 0

Он жетінші жылдың бұл
Сұрғылт, суық күзі өткір,
Үскірік жел талдың кіл
Жапырағын күзеп тұр...

Толық

Қарап көріңіз