Қызыл қырман – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қызыл қырман» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 933
ЬІзы-қиқы, айқай-ұйқай
Қызыл қырман басында.
Тасты жегіп,
Паяны үгіп,
Бидайды ақтап,
Басуда.
Әрбір атқа тас тартқызып,
Пионерлер мініскен.
Қызыл қырман,
Басы думан
Ән де салып
Күліскен.
Колхозшының балалары
— Пионерлер шаруада,
Еңбектескен
Көмектескен
Ауылдағы Шаруаға.
Қысты күні оқу оқып
Мектебіне келеді.
Жазда тағы
Колхозына
Күш-көмегін
Береді.

1932


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері