Өлең, жыр, ақындар

Қалба құзы

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 895
Көп таудың бірі Арқада Қалба тауы,
Ақ құндақ асыр салған — аңға тауы.
Шыңғыстың хандығында қытай-моңғол,
Жорытып, батқан талай қанға тауы...
Одағай орбас шыңы бөртеленген,
Кеудеңде бұйра тастар күркеленген,
Қарт Қалба жақпарларың қоспарланып,
Ақ бұлттар ақ төсіңде шүйкеленген.
Ежелден мұнарланып қойныңды ашып,
Құшуға Алтай шыңын болдың ғашық,
Алайда, екі таудың арашасы,
Секілді сұлу Ертіс бөлген тасып.
Ерке Ертіс сылаң қағып сұлу жардай,
Тұра тұр дегендей-ақ құмарланбай,
Қалбаның қолын қағып, иегін сүйеп,
Сұлудың көз жасындай аққан парлай...
Әйтпесе, құздандыра Қалба шыңын,
Көк бұлтқа аспандағы шертіп шерін,
Бүркіттей бүріп ұстап жатпақшы еді,
Алтайдың алтын аққан ақ емшегін.
Қалбаның қара тасты қолын қағып,
Алтай мен екі арасын бөліп ағып,
Ерке Ертіс шымылдық боп суылдаған,
Қалған-ды сондықтан да Қалба қалғып.
Қалбаның сол қалқыған қойынында,
Маңқиып мың жасаған мойынында,
Қайнатқан алтын қорытып қазан шұңқыр
Тас түгіл алтындалған шойының да.
Көгала толқын ұрған ала келін,
Құшақтап алтын атқан Ақжал кенін,
Моншақтай меруерт тасын суға шайып,
Шалқыта жарына ұрған ақ көбігін!
Үңгілей Қазан шұңқыр Қалба тауын,
Қашаған құздың алтын шыңырауын,
Ардагер алуан ерлер салып жатыр,
Болаттан қара тасқа қыл бұрауын.
Жүз құлаш жер астында алтын құдық,
Шыңырау ер сүңгіген салқын құдық,
Саулаған сары алтыны жұлдызша ойнап,
Сәулеті кезді тартқан нұрын құйып.
Шыққанда қара тастан алтын ойнай
— Бейне бір қара бұлттан туған айдай,
Нұр шалқып шыңырау құздың қазанында,
Сары алтын шапақ шаша атқан таңдай.
Па, шіркін! Алтын кенім таңғажайып
Нұрланған Октябрьдей таңға лайық,
Алуан туған елдің түлектері,
Алтынды тартты түптеп толғап алып.

1936



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын ұя

  • 0
  • 0

Бойшаң біткен бәйтеректі,
Я, шатқалаң шыңды тасты
Мекен етіп ұя салған
Көруші ем мен қарлығашты.

Толық

Ертеңгі дабыл

  • 0
  • 0

Таң ағарып қалғанда,
Күн шықты әне, күн шықты!
Шатыр толған алаңда,
Сызылып бір үн шықты.

Толық

Әбіл қарттың баласы

  • 0
  • 0

Білуші ем сұйық сақал Әбіл қартты,
Бойы сұңғақ, жүрегі әділ қартты...
Ат жақты, өткір көзді, жылы сөзді,
Тұнарған қырау қабақ, сөзі ырғақты.

Толық

Қарап көріңіз